Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда «Таза Қазақстан» жобасы қорытындыланды

Сурет
336 рет қаралды

Атырауда «Таза Қазақстан: табиғатқа тағзым – үздіктерге құрмет» атты қорытынды шара өтті. Іс-шарада экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатты қорғауға және оны ұқыпты пайдалануға үлес қосқан мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен белсенді азаматтар марапатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Биыл тұжырымдама аясында өңірде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, заңсыз қоқыс орындарын жою, өзен-көлдерді тазарту және экологиялық ағарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл бастамалар облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға елеулі ықпал етті, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Зарина Төребаева.

Жиын барысында жылдық нәтижелер таныстырылып, «Таза Қазақстан» идеясын қолдауда белсенділік танытқан азаматтар мен ұйымдарға марапаттар табысталды. Сондай-ақ жасыл аймақтарды көбейтуге үлес қосқан мекемелерге арнайы номинациялар берілді.

Қорытынды шараға депутаттар, экология саласының мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты.

24 қараша, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.