Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Каспий теңізі екі көлге бөлінуі мүмкін: ғалымдардың алаңдатарлық болжамы

463 рет қаралды
«Каспий теңізінің солтүстік бөлігі. NASA жобасы түсірген космостық сурет, 12 шілде 2023 жыл. Фото: Kazhydromet.kz»
Каспий теңізінің солтүстік бөлігі. NASA жобасы ғарыштан түсірген сурет, 12 шілде 2023 жыл. Фото: Kazhydromet.kz

Каспий теңізінде жүріп жатқан геологиялық өзгерістер аймақтың болашағына елеулі ықпал етуі ықтимал. Азербайжан Ұлттық ғылым академиясының География институты мамандарының дерегінше, теңіз деңгейінің төмендеуі уақытша құбылыс емес, терең тектоникалық процестермен байланысты тұрақты үрдіс. Бұл туралы Minval Politika хабарлайды.

Ғалым Мирнух Исмаиловтың айтуынша, теңіз белсенді тау түзілу аймағында орналасқан. Кавказ таулары әлі де көтерілуін жалғастырып жатыр, бұл теңіздің гидрологиялық режиміне тікелей әсер етуде.

Болжамға сәйкес, қазіргі үрдіс сақталса, Каспий теңізі уақыт өте келе екі бөлек су айдынына айналуы мүмкін:

  • Солтүстік бөлігі – Дербент ойысында
  • Оңтүстік бөлігі – Лянкяран ойысында

Бұл процесс ұзақ уақытты қажет етеді, бірақ ғалымдар оның геодинамикалық заңдылықтарға байланысты сөзсіз жүзеге асатынын айтады.

Сарапшы Эльнур Джафаров қосымша қауіпке назар аударды: теңіз деңгейі соншалықты төмендеуі ықтимал, нәтижесінде жағалау сызығы 30 шақырымнан артық шегінуі мүмкін.

Мамандар бұл өзгерістердің ауқымды екенін атап өтіп, жағалаудағы елдерге жүйелі мониторинг жүргізіп, жаңа табиғи жағдайларға бейімделу шараларын әзірлеу қажеттігін ескертеді.

24 қараша, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.