
Атырауда есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазулар жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика көлемінде 22-26 қараша аралығында интернет желісі арқылы жанасусыз тәсілмен жүзеге асырылатын есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу арналарын анықтау және олардың жолын кесу мақсатында "Цифрлық өткізу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы еріктілермен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар 20-дан астам граффити жазуды анықтап, жойды.
Айта кетейік, полицейлер жыл басынан бері "Кибер-қадағалау" бағдарламасы арқылы есірткі жарнамалаған 1140 интернет-ресурсты анықтап, бұғаттауға жолдады. Сонымен қатар есірткі жарнамасы бар 80-нен астам граффити жазуды жойды.
В Атырау -1