Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды

221 рет қаралды
Сурет: Akorda.kz
Сурет: Akorda.kz

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті атанды, деп хабарлайды Orda.kz.

Римде өткен дауыс беру барысында Головкин жалғыз үміткер болды. Бұған дейін оның басты қарсыластары саналатын Харис Мариолис пен Владимир Кличко өз кандидатураларын алып тастаған. Осылайша, сайлауда Геннадий Головкинге балама болмады.

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде Халықаралық Олимпиада комитеті мен IBA (бұрынғы AIBA) арасындағы келіспеушіліктен кейін құрылған. Жаңа ұйымның мақсаты – бокстың Олимпиада бағдарламасында сақталуын қамтамасыз ету және спорттағы басқару жүйесінің ашықтығын арттыру.

Головкиннің бас федерация тізгінін ұстап, әлемдік бокс саясатындағы жаңа кезеңге жол ашқаны спорт қауымдастығы тарапынан маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр.


24 қараша, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.