Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

2026 жылдан бастап зейнетақы активтері қалай басқарылады: жаңа талаптар мен бағалау жүйесі

146 рет қаралды

Зейнетақы жүйесіне қатысты қаулы жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 8 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жоба жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға берілген зейнетақы активтерін тиімді басқару механизмін жетілдіруді көздейді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарушы компаниялардың жұмысы жаңа жүйе бойынша бағаланады. Бұған дейін қолданылған орташа өлшенген көрсеткіштерден айырмашылығы – енді нәтижелер қазақстандық және халықаралық нарық индекстерінен тұратын композиттік бенчмаркке сүйеніп есептеледі.

Агенттік енгізуді ұсынған негізгі түзетулер төмендегідей:

  • салымшылардың зейнетақы активтерін белгілі бір инвестициялық портфельге беру тәртібі мен шарттарын нақтылау;
  • инвестициялық портфельді құру талаптарына сәйкес шетел валютасына инвестициялау лимитін белгілеу;
  • басқарушы компания инвестициялық портфельді таңдағанда, **БЖЗҚ-ның салымшыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін бекіту;
  • басқарушы компаниялардың уәкілетті органға портфель таңдауы туралы хабарлау тәртібі мен мерзімін айқындау.

Агенттіктің айтуынша, бұл өзгерістер зейнетақы активтерін басқаруда ашықтықты арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және салымшылардың тиімді инвестициялық шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

24 қараша, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.