Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырау тұрғындары Жайықтың түбін өздері тазалап жүр

Бейнежазба
323 рет қаралды

Бәрі екі дос — Азамат Досжанов пен Берік Есенғалиевтің әуестігінен басталған еді.

Жайықтың түбінен түрлі қоқысты шығарып жатқан олардың видеолары әлеуметтік желілерде тез тарап, миллиондаған қаралым жинады. Осылайша екі адамның бастамасы шағын қоғамдық қозғалысқа айналды.

Қозғалыстың бел ортасында жүрген — Берік. Ол бар болғаны бір жыл бұрын ғана балық аулауға қызығып, Жайық түбінің қоқысқа толы екенін бірден байқаған. Қармақ бауы, арқан, темір-терсек — бәрі ілініп, балық аулауды қиындатқан.

«Леска үнемі үзіле береді, балық аулаудан еш рақат жоқ. Алдымен жағадан қоқыс жинай бастадым, кейін су түбін де тазалауға кірістім. Досым вахтаға кеткенде де жұмысты тоқтатпадым. Уақыт өте келе басқа да адамдар өз видеоларын жіберіп, бұл шағын трендке айналды», — дейді Берік.

Балықшыларға кедергі келтірмеу үшін ол түнде шығады. Қайық болмағандықтан, жағалаумен жүріп шамамен 30–40 метр жерді тазалайды. Көбіне ескі торлар, жуан лескалар, арқан-жіптер, бетон сынықтары мен түрлі темір қалдықтары шығады. Тапқан қоқыстың барлығын қаланың контейнерлеріне апарып тастайды.

«Қоқыс қалдырмаңыздар. Отырған жерлеріңіздің екі жағынан бес метрден тазалап кетсеңіздер — соның өзі үлкен көмек», – деп үндеу жасайды Берік балықшыларға.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен видео: автордан және Берік Есенғалиевтан

24 қараша, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.