
Атырау облысында газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 2000-нан астам маман жұмылдырылған. Оның 1481 тікелей персонал. Түнгі ауысымға 152 маман тартылған. 340-тан астам техника жұмыс істейді. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ):
- Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
- Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
- РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
- Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда, атап айтсақ, оларға қызмет көрсету алаңдары мен АБК блогы кіреді;
- Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
- 20-шы титулда резервуарлардың гидравликалық сынақтары аяқталды.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
- Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 56 904 м³ (прогресс 74,7%)
- Металл конструкцияларының монтажы: 6 474 тонна (32,1%)
- Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 467 тонна (45,6%)
- Резервуарларды монтаждау: 1 712 тонна (85,7%)
- Жерасты құбырларын жүргізу: 22 452 м (48,9%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.
В Атырау +4