Атырау, 14 наурыз 20:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Атырауда ​ереже бұзған жүргізушілер ұсталды

687 рет қаралды

18–23 қараша аралығында Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және апаттардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Рейд барысында Әбілқайыр хан көшесінде Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру кезінде оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталып, тиісті әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, Chevrolet Cruze және ВАЗ-2115 көліктерін басқарған екі жүргізушінің жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде екені белгілі болды. Оларға да заңға сәйкес әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізу – ең ауыр құқықбұзушылықтардың бірі екенін атап өтіп, жолдағы қауіпсіздікті сақтау және ережелерді қатаң орындау қажеттігін ескертті.

21 қараша 2025, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.