Атырау, 12 ақпан 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Ақтөбеде күйеуі әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

646 рет қаралды
Сурет: zello.poisk
Сурет: zello.poisk

20 қарашада әлеуметтік желіде Ақтөбеден шыққан ерлі-зайыптыларды іздеу туралы хабарлама пайда болды.

«Диапазон» ақпараттық порталының мәліметінше, 40 жастағы Аманжол мен оның жұбайы Гүлжахан таңғы сағат 10-да 41-разъезд маңындағы үйден шығып, «Ларгус» автокөлігімен шығып, хабарсыз кеткен.

Біраз уақыттан кейін жоғалғандардың сүйегі табылғаны турал ақпарат пайда болды. Instagram-дағы жарияланымның астындағы пікірлерде пайдаланушылардың бірі қайтыс болғандардың артында бес баласы қалғанын хабарлады. Көптеген пайдаланушылар отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ерлді-зайыптылард сүйегі табылған деректі растады:

  • қала сыртынан 43 жастағы әйелдің зорлық белгілері бар сүйегі табылды;
  • кейін оның күйеуі асылып тұрған жерінен табылды.

Полицияның мәліметінше, әйелді өз күйеуі өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары трагедияның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

21 қараша 2025, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.