Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Астана тұрғыны полиция қызметкерін қорқытып, бір жылға сотталды

496 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билік өкіліне оның қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына зиян келтіремін деп қорқыту арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін К.-ға қатысты айыптау үкімі жариялады.

2025 жылғы 15 шілдеде сотталушы К. Астана қаласында полиция қызметкерінің одан әрі тергеу жүргізу үшін аудандық полиция бөліміне бару туралы заңды талабына бағынбай, оған күш қолданамын деп ауызша қорқытқан.

Сот талқылауының нәтижесінде К. ҚК 380-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындау айғақтарымен, жәбірленушінің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің материалдарымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға ҚК 380-бабының 1-бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, өзіне айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы 2 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауын, жасаған ісіне шын жүректен өкініш білдіруін ескерді, бұрын соттылықтың болмауын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот сотталушының жеке басына қатысты деректерді, оның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының сипаты мен қоғамдық қауіптілік деңгейін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ оның материалдық жағдайын ескере отырып, 1 жыл мерзімге бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

21 қараша, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.