
Дубайда өтіп жатқан халықаралық авиашоу кезінде Үндістанның Tejas әскери ұшағы демонстрациялық орындау барысында апатқа ұшырады. Бұл туралы РИА Новости NDTV телеарнасының тілшісі Шив Арур әлеуметтік желідегі парақшасына сільеме жасап хабарлады.
Куәгерлер түсірген видеоларда ұшақтың биіктікті жоғалтып, жерге соғылған сәттен кейін үлкен жарылыс болғаны байқалады. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ұшқыштың катапульт жасамағаны көрінеді.
Оқиғадан кейін авиашоу ұйымдастырушылары барлық ұшуларды уақытша тоқтатты.
Үндістан Әскери-әуе күштері ұшақтың құлағанын растады. Пилоттың жағдайы туралы ақпарат әзірше жарияланған жоқ.
Tejas — Үндістанда жасалған жеңіл жойғыш ұшақ. Оны елдің авиациялық-ғылыми компаниялары әзірлеген және соңғы жылдары халықаралық авиасалондарда жиі таныстырылып жүр.
В Атырау -1