
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аграрлық сала үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің №1091 Жарлығы негізінде бірқатар еңбек ардагерлері мен сала мамандары марапатталды.
“Құрмет” орденімен Тасшағыл өндірістік кооперативінің төрағасы, ауыл шаруашылығында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан ұйымдастырушы Оңғар Жанықұлов және “Етті-майлы қой шаруашылығы республикалық палатасы” Атырау облысы бойынша өкілі, ғалым-зоотехник, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты әрі докторы Қосыбек Ырзағалиев марапатталды.
III дәрежелі “Еңбек Даңқы” ордені Қызылқоға ауданында мал шаруашылығымен айналысып жүрген “Құрман” шаруа қожалығының негізін қалаушы Аманғали Жаңабаевқа, сондай-ақ Индер ауданында 50 жылдан астам еңбек еткен ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұхит Шайдоллаға табысталды.
Аймақ басшысы марапат иелерінің өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Әкімнің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер – ауыл-аймақтың тұрақты дамуының кепілі болып отырған жергілікті мамандардың күнделікті еңбегінің жемісі.
В Атырау -1 






