
Биыл Атырау облысында 5 522 тұрғын соттан тыс банкроттық рәсіміне өтінім жолдады. Оның ішінде 641 өтініш мақұлданды, ал 457 азамат ресми түрде банкрот деп танылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта 307 өтініш қаралу үстінде. Ал 4 029 адамның сұранымы заң талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылған.
Мамандардың айтуынша, банкроттыққа жүгінгендердің басым бөлігі тұрақты табыстың болмауы, жұмыссыздық және несие жүктемесінің артуына байланысты өтініш берген.
Банкроттық рәсімінің шарттары
Соттан тыс банкроттыққа өтінім беру үшін қарыз мөлшері 1 600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн теңге) аспауы тиіс. Сонымен қатар қарызды өтей алмағанына кемінде 12 ай өтуі немесе табыстың мүлде болмауы талап етіледі.
Қаржылық шектеулер
Банкрот деп танылған азаматтар бес жыл бойы банктен немесе микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдей алмайды. Сонымен бірге олардың қаржылық жағдайы үш жыл бойы бақылауда болады.
В Атырау -1