
Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту үшін «TargetEye» бейнеаналитика жобасын жүзеге асыруда. Жоба қала тұрғындары көп жиналатын және демалыс орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасанды интеллект элементтері бар 75 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жүйе нақты уақыт режимінде оқиғаларды тіркеп, іздеуде жүрген азаматтарды, пробациялық бақылаудағы тұлғаларды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтайды.
Анықталған деректер жедел әрекет ету үшін бірден құқық қорғау органдарына жолданады. Жоба іске қосылған уақыттан бері интеллектуалды бақылау нәтижесінде 52 іздеуде жүрген, 126 пробациялық бақылауда тұрған және 3 хабар-ошарсыз кеткен адам анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
Жүйенің тиімділігі өткен жылмен салыстырғанда 61,5%-ға артқан. Прокуратураның мәліметінше, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алудың ғана емес, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің де тиімді құралына айналды.
Атырау облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту бағытындағы шараларды жалғастыра бермек.
В Атырау -1