
Атырау облысы Білім басқармасы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылындағы білім беру ұйымдары уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады.
Себеп – ауылда кеміргіштердің (тышқандардың) көбеюі және эпидемиологиялық қауіптің алдын алу қажеттілігі.
Осыған байланысты 19 қарашадан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп пен Талдыкөл орта мектебі қашықтан оқыту форматына көшті.
Сонымен қатар, толық дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін «Балдырған» және «Балақай» балабақшаларының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Басқарма мәліметінше, арнайы қызметтер санитарлық-дезинфекциялық шаралар жүргізіп жатыр. Қауіп толығымен жойылғаннан кейін барлық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне оралады.
Білім басқармасы жағдай толық бақылауда екенін атап, тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
В Атырау -1