
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Аса құрметті Никол Воваевич, Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі елдің стратегиялық серіктестік деңгейіндегі қарым-қатынасының дамуына үлкен серпін береді деп сенеміз. Бұл – Қазақстанға алғашқы сапарыңыз. Қазақ халқы Армения жұртына, тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Сапар барысында бірқатар маңызды келісімге қол қойылады.
Никол Пашинян:
– Аса құрметті Президент мырза, мені Қазақстанға ресми сапармен шақырып, Астанада қонақжайлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Бұл сапар біздің екіжақты қарым-қатынасымызға тың серпін береді. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Сіздің былтыр Арменияға жасаған ресми сапарыңыздан бастау алды. Соның нәтижесінде маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның кейбірі жүзеге асырылды, қалған бөлігі орындалу үстінде. Қазақстанға ресми сапармен келу – мен үшін зор мәртебе.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар жаңа құжаттарға қол қойылуы жоспарланып отыр.
В Атырау +4