Атырау, 21 желтоқсан 10:20
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 913 просмотра

Ақтөбеден келген жүлделер

Ақтөбеде өткен ҚР спорт шебері Андрей Еськинді еске алуға арналған халықаралық турнирде облыстың жастар құрамасы жақсы өнер көрсетті.

Турнирге 6 облыстан 107 мықты жас боксшылар қатысты. 56 келіге дейінгі салмақта Оразбек Тайшыбаев 3 айқас өткізіп, финалда ел чемпионы Әділбек Есенжолды тізе бүктірді. Ол, сондай-ақ, «Үздік техникасы үшін» сыйлығымен марапатталды.

Тағы бір «алтынды» ел және Азия чемпионаттарының жүлдегері Қайырбек Жақсыбековты жеңген Амандық Манашев (69 келіге дейін) ұтты. 91 келіге дейін салмақта Нұрғиса Көпжасаров «күміске» қол жеткізді. Спортшыларды бапкерлер Есенабат Өтеғалиев, Мирамғали Абсенов, Руслан Шарипов және Болат Кошеновтер дайынады.

***

 

Сарыағаштағы жеңістер

3-БЖСМ командасы Сарыағаш қаласында өткен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Қыстаубаевты еске алуға арналған бокстан республикалық турнирде жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

Өз салмақ дәрежелерінде Аманжол Бекболатұлы, Бағылан Ләбихан, Еламан Қайреден және Аян Қабидоллаев жеңімпаз атанды. 38 келіге дейін салмақта «күміс» Елболсын Рахметоллаға бұйырды. Команданы бапкерлер Жандос Жұмабеков пен Азамат Байдуллиев дайындады.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Еске алуға арналған турнир

Облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және «Жасбатыр» Спорт кешені» қорының қолдауымен «Атырау» ДСК-нде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мырзабек АТБАЕВТЫ еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті.

Жарыстарға Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның барлық облыстарының командалары қатысты. Қазақстандық палуандардың арасынан әлем чемпионы Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе), ел чемпиондары Ролан Варданян, Ильяс Гучигов (екеуі де Қостанайдан), Қобыланды Жақып (Ақмола облысы) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Гучигов 74 келіге дейінгі салмақта (осы салмақта М. Атбаев күрескен) үздік палуанға арналған арнайы сыйлық – үй кинотеатрына ие болды.

Кілем иелері 6 алтын медальға ие болды: Тұрлан Хайруллаев, Қайыржан Дүйсембаев, Асылбек Қосаманов, Эльдар Тоғызбаев, Ғаламат Саматов және Әділжан Елемесов.

***

 

Тең есепті қолдан берді

21 қыркүйекте Тараз қаласында футболдан ел чемпионатының 27-турының матчы аясында «Атырау» командасы жергілікті «Таразбен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Ойынның 28-минутында «Тараз» командасының ойыншысы нигериялықОбиора Одита есеп ашты. Ал 63-минутта төреші алаң иелері ойыншыларының бірі өз айып алаңында қолмен ойнады деп, 11 метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді «Атыраудың» аргентиналық қаны бар хорват легионері сәтті орындады. Осыдан кейін есеп өзгерген жоқ.

***

 

Топтан шыға алмады

Ақтауда стритболдан (алаңда әр командада 3 ойыншыдан ойнайтын көше баскетболы) ҚР чемпионаты өтті.

Атыраудан жарысқа Атырау қаласының жақында өткен біріншілігінде 1 және 2-орын алған екі команда – «Жанель-Авто» (ағайынды Александр жәнеВладимир Михайленколар, Тимур Манабаев) және «Белочки» (Сергей Бухарин, Ислам Исмаилов, Қанат Мусин) қатысты. Өкінішке орай, екі команда да топтан шыға алмады.

***

 

Бес ойын - бес жеңіс

Жезқазғанда 1998 ж.т. және одан төмен жасөспірімдер арасында Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер баскетбол лигасы чемпионатының финалдық туры өтті.

«Атырау Барыстары» командасы (№3 БЖСМ жаттықтырушысы Амантай Торғаев) бес ойында да жеңіске жетті: Қостанай облысы (79:72), Жезқазған қаласы (71:33), Солтүстік Қазақстан облысы (77:52), Ақтөбе қаласы (77:52) және Қарағанды облысы (68:23). Турдың үздік ойыншысы болып біздің Ильяс Жүнісов танылды. Алайда, екі турдың қорытындысы бойынша «Барыстар» Қостанай облысы мен Ақтөбе қаласы командаларынан кейін 3-орынға ие болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.