Атырау, 19 желтоқсан 22:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Бразилияда COP30 саммитінде өрт келіссөздерді уақытша тоқтатты

496 рет қаралды
Сурет: AP Photo/Joshua A. Bickel
Сурет: AP Photo/Joshua A. Bickel

Бразилияның Белен қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның климат жөніндегі COP30 конференциясында өрт шығып, келіссөздерге кедергі келтірді, деп хабарлайды Евронью́с

«Голубая зона» павильонында басталған өрт бірнеше минут ішінде ауыздықталғанымен, қауіпсіздік мақсатында барлық қатысушылар эвакуацияланды.

Оқиға салдарынан 13 адам түтіннен уланып, медициналық көмек алды. Саммиттің соңғы күні жұмаға белгіленгендіктен, келіссөздер қарқынды жүріп жатқан еді. Өрт жағдайды одан әрі қиындатып, климаттық қаржыландыру және қазба отыннан біртіндеп бас тарту сияқты негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізуге кедергі болды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді келісімге келу үшін икемділік танытуға шақырып, ең батыл шараларды қабылдамау саммиттің сәтсіздігі болатынын атап өтті.

21 қараша, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.