Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Иран президенті астананы Тегераннан көшіруді ұсынды

380 рет қаралды
Фото: Zuma/ТАСС
Сурет: Zuma/ТАСС

Иран президенті Масуд Пезешкиан ел астанасын Тегераннан көшіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды INTERFAX. 

Оның айтуынша, мегаполис халқының шамадан тыс көбеюі мен су тапшылығы бұл шешімге итермелеп отыр.

«Бізде таңдау жоқ. Бұл – қажеттілік», – деді Пезешкиан. Ол халық санының одан әрі артуы жағдайында тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мүмкін болмайтынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, су тапшылығы тек Тегеранға ғана емес, Иранның бірнеше провинциясына да тән мәселе. Соңғы бес жылда елде жауын-шашын көлемі тұрақты түрде азайып келеді. Биылғы жылы Тегеранда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден 40% төмен болған.

21 қараша, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.