Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Полипропиленнен кейінгі қадам: ҚМГ және CNCEC серіктестікті кеңейтеді

343 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қытайдың China National Chemical Engineering Co. Ltd (CNCEC) компаниясының басшысы Мо Динге кездесу өткізді.

Кездесу барысында CNCEC өкілдері өнеркәсіптік жобаларды іске асырудағы тәжірибесі мен ғылыми әзірлемелерін таныстырды. Тараптар Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласын дамыту бағытындағы ықтимал жобалар мен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.

Анықтама: 

China National Chemical Engineering Co. Ltd (CNCEC) – Қытайдың мемлекеттік химия инженерлік корпорациясы. Компания әлемнің 50-ден астам елінде мыңдаған жобаларды жүзеге асырған. Қытайдағы химия кәсіпорындарының 90%-ын және мұнай-химия қуаттарының 50%-ын салған. Бұған қоса, CNCEC Атырау облысында полипропилен өндіретін KPI зауытының құрылысын EPC-келісімшарты аясында жүргізген.

21 қараша, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.