
Исатай ауданына қарасты Аққыстау ауылында 60 пәтерге арналған үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаны мердігер ұйым «Жайық Сити» ЖШС жүзеге асырып жатыр, ал техникалық қадағалауды «Алау Эксперт Инжиниринг» ЖШС жүргізеді.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалидың айтуынша, П1 және П3 блоктарында жұмыстар белсенді түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылысшылар:
-
екінші және үшінші қабаттарға сыртқы блоктарды орнатып жатыр;
-
қалыпты (опалубканы) шешуде;
-
гидрооқшаулау жұмыстарын жүргізуде;
-
балкондардың тірек бағаналарын құюда.
Құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Жоспар бойынша нысан 2026 жылдың үшінші тоқсанында толық аяқталады.
Жобаның жүзеге асуы ауылдағы ондаған отбасын заманауи тұрғын үймен қамтамасыз етіп, ауылдық жердегі өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
В Атырау -1