
Әлеуметтік желі арқылы тараған видео авторының айтуынша, Береке ықшамауданында ер адам жалаңаш көше аралап жүр. Ықшамаудан тұрғындарының айтуынша, ол арасында қоғамдық орындарда әдепсіз күйде жүретін көрінеді. Бұл жағдайға тұрғындар қатты алаңдап отыр. Себебі ауладағы ойын алаңдарында балалар ойнап жүреді.
Бейнежазба авторы ер адамның "ақыл-есі дұрыс емес" болуы мүмкін деп болжап, құқық қорғау органдарынан жағдайға назар аударуды сұрайды.
Жағдайды анықтау үшін біз Атырау облысының полиция департаментіне жүгіндік.
Ведомство қызметкерлері қоғамдық орында жалаңаш жүрген 1964 жылы туған құқық бұзушыны дереу ұстап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. Ер адам уақытша ұстау орнына қамалды.
Сонымен қатар, бұл азаматтың профилактикалық және медициналық есепте тұрмайтыны анықталды.
Атырау облысының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -2