Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Мақат аудандық сотының төрағасы тағайындалды

620 рет қаралды
Суретте Құрмет Орысбаев және Тәтті Уәлиева
Суретте Құрмет Орысбаев және Тәтті Уәлиева

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уалиева Атырау облысы Мақат аудандық сотында жұмыс сапарымен болып, ұжымға және аудан активіне соттың жаңа төрағасын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 10 қарашадағы Жарлығымен Орыспаев Құрмет Орыспайұлы Атырау облысы Мақат аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Құрмет Орыспаев 1992 жылы туған. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Әр жылдары Атырау облысының соттарында, Соттар әкімшісінде бас маман қызметінде болған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Атырау облысы Мақат аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған.

Кейін Атырау облыстық соты төрағасының Өкімімен Қ.Орыспаевқа Мақат аудандық соты төрағасының міндеттері жүктеліп, қазіргі уақытқа дейін қызмет етті.

20 қараша, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.