Атырау, 15 қаңтар 20:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​2026 жылы зейнетақы қалай өседі

409 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылы зейнетақы неліктен тек 10 пайызға артатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген вице-премьер зейнетақыны 10 пайызға ғана көтеру шешімі болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты болғанын атап өтті.

- Инфляцияның орташа деңгейі 9-10 пайызды құрайды деп болжадық. Сондықтан индекстеуді 10 пайыз қылып қалдырдық. Бүгінде бұл бюджетіміздің мүмкіншілігімен байланысты, - деді вице-премьер. 

Осы орайда тілшілер алдағыы уақытта индекстеуді арттыру мүмкіндігін қарастыру ықтималдығын сұраған еді. Оған вице-премьер түзету жоспарланбайтынын айтып, нақты жауап берді. 

- Арттыру болмайды, 10 пайыз қалады. Бұл бюджетте бекітілген, - деді Серік Жұманғарин.

20 қараша 2025, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.