
Олардың айтуынша, Атырау – Астрахань жолында жүргізушілерді полиция тоқтатып, әрі қарай жібермей, себебін де түсіндірмей жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада бұл жағдай бірнеше күннен бері жалғасып жатқаны айтылады. Адамдар қалада басқару рулі оң жақта орналасқан көліктер еркін жүріп жатқанын, ал аудан жүргізушілерін неге кері қайтарып жатқанын түсінбей жатыр. "Неге бізді өткізбейді? Неге ешкім алдын ала ескертпейді? Сонда басқа жақтан келгендер жүре алады, ал біз жүре алмаймыз ба?" - дейді Жанар Мұсаева.
Жергілікті тұрғындар Қазақстанда оң жақтан басқарылатын көліктерді пайдалануға ресми түрде рұқсат етілгенін, сондықтан да шектеулер түсініксіздік тудырып отырғанын атап өтті.
Атырау облысының Полиция департаментінде жол қозғалысының қауіпсіздігін күшейту үшін жолда профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Онда тексеру тек рулі оң жақта орналасқан көліктерге бағытталмағанын, ал шаралардың өзі уақытша сипатта екенін және апатты жағдайды төмендету бойынша жұмыс жоспарына енгізілгенін атап өтті.
Тұрғындар, егер полиция не болып жатқанын алдын ала түсіндірсе, осындау айқау-шу болмас еді деп есептейді. "Біз тексеруге қарсы емеспіз, бірақ біз болып жатқанын түсінгіміз келеді", - дейді автокөлік жүргізушілері.
Айгүл МАНСУРОВА
Видеоны түсірген Ж. Мусаева
В Атырау -1