
АҚШ-та жүргізілген ұлттық сауалнама нәтижесіне сәйкес, 2024 жылы Дональд Трампқа дауыс берген латиноамерикалықтардың 36%-ы қазіргі таңда бұл шешіміне өкінетінін немесе көңілі қалғанын айтқан. Бұл көрсеткіш 2025 жылы тіркелген ең жоғары деңгей болып отыр, деп хабарлайды Евронью́с.
Негізгі себеп — экономикалық жағдай.
- Респонденттердің 64%-ы елдегі экономиканы «нашар» деп бағалаған.
- 69%-ы Трамптың тарифтік саясаты тауар бағасының өсуіне әкелді деп санайды.
- 58%-ы экономикалық жағдай одан әрі нашарлап бара жатқанын айтқан.
Жас сайлаушылар арасында қолдау күрт төмендеген:
- 18–29 жас аралығындағы латиноамерикалықтар арасында Трампты қолдау 43%-дан 33%-ға дейін түскен.
Саяси салдары:
- Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс 2026 жылғы аралық сайлауларда шешуші рөл атқаруы мүмкін.
- Аризона, Невада және Пенсильвания сияқты штаттарда латиноамерикалық сайлаушылардың көңіл-күйі сайлау нәтижесіне әсер етуі ықтимал.
Somos Votantes ұйымының басшысы Мелисса Моралес:
«Бұл жай ғана сәтсіз тоқсан емес. Бұл — жыл бойы жалғасқан құлдырау. Адамдар бұл көңілсіздікті дүкендегі кассада, жанармай құю бекетінде, ай сайынғы төлем кезінде сезінеді», — деді.
В Атырау -1