Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Атырау облысындағы өнерлі мал дәрігерінің видеосы көпшілікке ұнады

330 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Әлеуметтік желіде мал дәрігерінің ән салып тұрған видеосы кең таралып, қаралымы көбейді. Желі пайдаланушыларының қызығушылығын турырған азаматтың кім екенін "Ақ Жайық" тілшісі де іздеп көрді. 

Өнерлі  жас Ізбасар Еркінғалиев Исатай ауданының тумасы болып шықты. Аққыстауда мектепті үздік бітірген Ізбасар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне түсіп, 2022 жылы ветеринарлық фельдшер мамандығын үздік тәмамдапты. ҚР Призиденті атындағы степиандиант, Конрад Адэнауер атындағы фонд степиандианты.

Оқу барысында тәжірбие алмасу бағытында Волгоград қаласында 1 семестр оқып, білімін одан әрі ұштауына мүмкіндікке ие болған. Әкесі депутат, аудан әкімінің орынбасары болған. Ал анасы балалар саз мектебінің ұстазы.  

Бүгінде ол марқұм әкесінің құрып кеткен шаруашылығын қолға алып, Қазақстанның экономикасына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер. Ізбасар сегіз қырлы, бір сырлы десе болады, өте еңбекқор. Өзінің гаражында көлік жөндеумен айналыса жүріп, жұмысшыларға "тегін" концерт те қойып береді. Укулеле аспабын іске қосып, әуелете шырқағанда тамсанбайтын адам жоқ, елітіп өзіне баурап алып кетеді.

- Жалпы әке-шешеміздің тәрбиесімен ағайынды бесеуміз де өнерден құр алақан емеспіз. Апам Аяжан дәстүрлі әнші, ұстаз, менен кейінгі іні-қарындасым да өнерлі, - дейді Ізбасар Еркінғалиев. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қараша, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.