Атырау, 4 қазан 16:28
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қоқыс жанындағы ойын

1 989 просмотра

Қоқыс салатын лас урнаны қос қолымен ұстап, үстінде тербелген қыз, қоқыс контейнеріне тас пен кірпіш сынықтарын лақтырып ойнап жүрген көңілді сәбилер тобы, трансформатор будкасына доп лақтырған жасөспірімдер... Жайлы үйлерде тұрып жатқан тұрғындар бұлай болатынын елестете алмайтын да шығар. Алайда...

Молдағалиев көшесіндегі 28, 26, 31 және 33 «а» мекенжайларындағы жатақханаларда аз қамтылған, тіпті кедей деп атауға болатын адамдар тұрады. Алайда мұны әркімнің өз несібесі бар деп түсіндіруге болатын шығар. Ал қалалық биліктің неге осы үйлерде тұрып, тұрмыс таршылығын көрген балаларды, ең болмаса, дұрыс ойын алаңқайларында ойнау мүмкіндігінен шектегені – белгісіз.

- Өткен жылы аула ортасына ойын жабдықтарын орнатамыз деп бір жұмыс бригадасы келіп, ор қаза бастаған. Біз қатты қуандық, өйткені біздің аулада сәбилер мен жасөспірім балалар өте көп. Ата-аналары оларды жиі қоқыс орындарынан қуып, жақын жерде орналасқан гараж арасынан іздеуге мәжбүр болуда. Олардың еркін ойнайтын жерлері мүлдем жоқ, - дейді тұрғындардың бірі. – Балалар алаңын орнату бұл мәселені шешер еді. Алайда қуанышымыз ұзаққа бармады – орды кері көміп тастады.

Ал шыбындаған қоқыс орнынан тек балаларды ғана емес, иттерді, мысықтарды, атжалмандарды да кездестіруге болады... Бірақ балаларға бәрібір көңілді сияқты, баланың аты – бала деген осы-ау.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.