
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде атышулы қаржыгер Джеффри Эпштейн ісі бойынша құжаттарды құпиясыздандыру туралы заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Трамп өз жазбасында Эпштейннің ұзақ жыл бойы демократиялық партия өкілдерімен байланыста болғанын және заңның қабылдануы бұл байланыстар туралы шындықтың ашылуына жол ашатынын мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, 2019 жылы Эпштейнге тағылған айыптар Трамп әкімшілігі кезіндегі Әділет министрлігі тарапынан қойылған. Ол Эпштейннің демократ саясаткерлермен байланысын атап өтіп, олардың қатарына Билл Клинтон, Ларри Саммерс, Хаким Джеффрис, Стейси Пласкетт және басқа да белгілі тұлғалардың кіретінін алға тартты.
«Мүмкін, бұл демократтар мен олардың Джеффри Эпштейнмен байланыстары туралы шындық жақын арада белгілі болмақ, себебі мен Эпштейн файлдарын құпиясыздандыру туралы заңға қол қойдым», – деді Трамп.
Президенттің тапсырмасымен Әділет министрлігі Конгреске шамамен 50 мың бет көлеміндегі материалдарды ұсынған.
Бұған дейін АҚШ Өкілдер палатасы Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды жариялауды міндеттейтін заң жобасын көпшілік дауыспен мақұлдаған болатын.
Сонымен қатар, Дональд Трамп марқұм миллиардер Джеффри Эпштейннің қылмыстарына жеке қатысы бар деген айыптауларды жоққа шығарған еді.
В Атырау -1