
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел биіктігі шамамен 30 метр болатын дән сақтау қоймасына құлап, қаза тапты. Оқиға 2025 жылғы 19 қарашада болған, деп жазады Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, оқиға куәгерлері бірден құтқару қызметіне хабар берген. Алайда құтқарушылар келген кезде әйел дің өмір белгілері болмаған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ке берген жауабында аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«19 қарашада Ақжар ауданының бір ауыл шаруашылығы кәсіпорны аумағында дән сақтау қоймасына құлаған 34 жастағы жұмысшы әйел қаза тапты», – деп хабарлады полиция департаменті.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына қатысты полиция қылмыстық іс қозғағанын да атап өтті.
В Атырау -1