
Түркістан облысындағы қасіретті өрттен зардап шеккен ер адам санавиация арқылы Шымкент қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, «Қазавиапас» авиациялық қызметінің ЕС 145 тікұшағы Жетісай ауданынан санитарлық рейс жасап, 1986 жылы туған ер адамды Шымкентке жеткізген. Бұған Жетісай ауданында науқасқа жедел медициналық көмек көрсетуге арналған арнайы аппараттардың жеткіліксіздігі себеп болған. Осыған байланысты зардап шегушіні Шымкент қаласындағы облыстық ауруханаға тасымалдау қажет деп шешілген.
Қазір азамат Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығында ем қабылдап жатыр.
В Атырау +4