Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда «Жүрек жылуы» конкурсы​на өтінім қабылдау басталды

269 рет қаралды

Атырау облысында мүгедектігі бар балалар мен ересектердің шығармашылығы мен белсенділігін қолдауға бағытталған «Жүрек жылуы» атты конкурс жарияланды. 

Іс-шараны облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырады.

Өтінімдер 2025 жылдың 20 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында қабылданады. Конкурс желтоқсан айында өтеді.

Жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталады:

  • «Жыл таланты» – көркемдік, музыкалық және сахналық өнер;
  • «Жыл серпіні» – жыл ішінде айтарлықтай өсім көрсеткен қатысушылар;
  • «Шабыттандырушы отбасы» – баланың дамуына қолдау көрсеткен отбасылар;
  • «Жас көшбасшы» – белсенділігімен ерекшеленген балалар;
  • «Жыл маманы» – кәсіби салада жетістікке жеткен ересектер;
  • «Спорттық жігер» – параспорттағы және белсенді өмір салтындағы жетістіктер;
  • «Мейірімді жүрек» – волонтёрлік қызмет пен игі істерге қатысу.

Конкурсқа мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балалар, ересектер және оларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қатыса алады. Қатысу тегін және ерікті.

Қатысушылардан:

  • белгіленген үлгідегі өтінім;
  • нөмір немесе жобаның қысқаша сипаттамасы;
  • қажет болған жағдайда фото, видео немесе презентациялық материалдар талап етіледі.

Бағалау 5 баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Қазылар алқасы тәуелсіз және құзыретті мамандардан құралады.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдер veteran-atyrau@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Қосымша ақпаратты басқарманың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 701 780 49 03; 8 778 386 17 47.

19 қараша, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.