Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр сахнасындағы өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілерге жеке құрамдағы 45 адам мен 8 көлікті жұмылдыруға тура келді. Атырау облыстық ТЖД мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 23 қыркүйекте өрт тұтанған, бірақ бұл гарнизондық өрт-тактикалық жаттығулары екен.
Тапсырма берілгеннен кейін 17 минуттың ішінде шартты өрт болған жерге күштер мен құралдар жұмылдырылды. Олар позициялар бойынша орналасты. Шартты өрт кезінде ғимаратта 100-ден астам адам - әртістер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер болды. Олардың бәрі қауіпсіз жерге көшірілді.
«Жаттығуда қиын болғанымен, күресте жеңіл болады», – дейді өрт сөндірушілер театр қызметкерлеріне жаттығудан кейін. Ал олар өз кезектерінде өртпен күресушілерге мұндай шаралардың тек қана оқу түрінде болуын тіледі.
Анастасия ПАСТУХОВА