Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Атыраудағы салық есептілігі: ​салық рәсімдері жеңілдейді, есеп беру формалары қысқарады

253 рет қаралды

Атырау облысында мемлекеттік кірістер саласында оң өзгерістер байқалуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Ғалия Ертілеуова мәлімдеді.

Қызметтердің басым бөлігі — онлайн форматта

Спикердің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 99,8 пайызы электронды түрде көрсетіледі. Бұл тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін уақытты үнемдеуге және қызмет алуды жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр.

2025 жылы өңірде 320 мыңнан астам салық есептілігі қабылданған. Көпшілік есепті электронды түрде тапсыруды жөн көреді. Сонымен қатар, Kaspi және Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы бірқатар салық қызметін орындауға болады.

2026 жылдан бастап жаңа ережелер күшіне енеді

Келесі жылдан бастап салық саласында бірқатар жаңашылдық енгізіледі:

  • Есепті кері қайтарып алу мүмкіндігі тоқтатылады
  • Есеп беру формалары 30%-ға қысқарады
  • Есеп уақытында тапсырылмаса, жүйе автоматты түрде нөлдік есеп қалыптастырады

Бұл өзгерістер салық рәсімдерін жеңілдетуге және процесті автоматтандыруға бағытталған. Департамент кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Электронды сервистерге сұраныс артып келеді

Азаматтар eGov mobile, e-Salyq Azamat және банктердің мобильді қосымшалары арқылы 15-ке жуық қызметті онлайн ала алады. Бұл — цифрлық үдерістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіш.

19 қараша, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.