
Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен бірнеше ірі сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынған.
Қазіргі таңда Булаев топтық су құбыры қайта жаңартылып, Ақжар және Тайынша аудандарындағы елді мекендерге су желілері тартылды. Жаңа құбырлардың жалпы ұзындығы 290 шақырымнан асады.
Сонымен қатар, Көкшетау топтық су құбырына қосылатын, Шал ақын және Айыртау аудандарындағы 24 ауылды қамтитын су жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын.
Бұл жобалардың барлығы прокуратура органдарының тікелей бақылауымен жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 22 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізеді. Бұл өңір халқының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Облыс прокуратурасы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың орындалуын әрі қарай да бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
В Атырау -1