Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Атырауда 10 жыл бойы жеке құжаты болмаған бала мектепке қабылданды

292 рет қаралды

Атырау облысында өтіп жатқан республикалық "Учаске" жедел-профилактикалық шарасы барысында Индер аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Елтай ауылына қарасты Бағырлай каналы маңындағы бір шаруа қожалығын тексеру кезінде ерекше жағдайға тап болды. Тексеру нәтижесінде бұл қожалықта 2025 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыпты азаматтардың 10 жастағы ұлының ешқандай жеке басын куәландыратын құжаты жоқ екені анықталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Бала осы уақытқа дейін мектепке бармаған.

Анасының айтуынша, бала Қызылқоға ауданына қарасты Қоныстану ауылында дүниеге келген. Алайда отбасы Ақтау қаласында тіркеуде тұрғандықтан, туу туралы куәлікті уақытында рәсімдей алмаған. Дегенмен, сәби кезінде қажетті екпелердің барлығын алған. Кейін тұрмыстық жағдайға байланысты отбасы Индер ауданына көшіп келген.

Аталған дерек тіркелгеннен кейін учаскелік инспекторлар баланың құқықтарын қорғау мақсатында тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып, нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде балаға туу туралы куәлік жасалып, ол аудандық мектеп-интернатына қабылданды. Осылайша, оның білім алу құқығы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша — кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оқыту және оның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Заң аясында тиісті шаралар қолданылды.

19 қараша, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.