Сенбі күнгі кеште бес жүзге тарта адам Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» спорт кешеніне облыстық әкімдіктің қолдауымен Team Dream корпорациясы ұйымдастырған Денсаулық күніне қатысу үшін жиналды.
Денсаулық күні ZumbaR Fitness Kazakhstan бағдарламасының енгізілгеніне бір жыл толу атаулы күнімен сәйкес келді, сондықтан да залға жиналған әр түрлі жастағы бес жүз адам өздеріне ұнап үлгерген Зумба ырғағына еліте жөнелді.
- ZumbaR Fitness – латын америкалық билер мен фитнесті біріктіретін жалғыз сауықтыру бағдарламасы. Біз саламатты өмір салтын насихаттаймыз, ал фитнеспен шұғылдана отырып, латындық қызба билерді билеу – спортзал тренажерларында құр терлегеннен көп қызықты, - деді жиналғандар алдына шығып сөз сөйлеген Атыраудағы Team Dream корпорациясының саламатты өмір салты жобасының жетекшісі Александр ЛИ.
Жиналған топ нұсқаушылардың көрсетуімен ырғақты қозғалыстарды қайталады. Нұсқаушылар арасында жергілікті жігіттермен қатар, әдейілеп келген Қазақстанның үздік нұсқаушылары да болды. Бірнеше минуттардан кейін сырттан қараған адамға іс-қимылдар жүріп жатқан спорт алаңы үлкен тірі ағзаға айналған көрінді. Іс-шараның басты оқиғасы Ресейдегі ZumbaR Fitness бағдарламасының бірінші нұсқаушысы Елена БАРАНОВАНЫҢ шеберлік сабағы болды.
- Мен бұл зумбаның не нәрсе екенін білмеп едім, өте қызықты екен, қара тер, қан сорпа болдым! – деп мойындады қатысушылардың бірі, бұл мерекеге қызы әкелген 45 жасар Надежда ЛИПАТОВА.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ