
ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылауды күшейтуді жалғастыруда.
Жыл басынан бері еліміздің өңірлік комиссиялары бағаның негізсіз өсуі мен сауда ережелерін бұзудың мыңдаған фактісін анықтады, нәтижесінде 50,8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Жыл басынан бері жергілікті әкімдіктер жанындағы өңірлік комиссиялар 960 отырыс өткізіп, нәтижесінде:
- 2727 заңбұзушылық пен тиімсіз делдал фактілерін анықтаған;
- 2342 жағдай бойынша әкімшілік хаттама толтырылды;
- 385 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.
Комиссия құрамында ҚМА, БҚДА, МКД және өзге де мемлекеттік органдар бар, сондай-ақ отырыстарға өндірушілер мен кәсіпкерлер шақырылып, сауда үстемесінің шекті нормалары түсіндіріледі.
Электрондық шот-фактуралар арқылы бақылау күшейді
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың айналымын бақылауға бағытталған пилоттық жоба аясында электрондық шот-фактураларға бірлескен талдау жүргізілуде.
Бұл тәсіл артық делдалдық буындардың пайда болуын және бағаның негізсіз қымбаттауын жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері:
- 10 миллионнан астам жеткізу тізбегі зерттелді;
- сауда заңнамасын бұзу қаупінің 914 белгісі анықталды.
Әкімшілік шаралар: айыппұлдар мен ескертулер
Аумақтық департаменттер ӘҚБтК-нің 204-4-бабы (сауда үстемесін 15%-дан жоғары қолдану) бойынша 2438 әкімшілік қаулы шығарды.
Оның ішінде:
- 1267 айыппұл салынды (жалпы сомасы — 50,8 млн теңге);
- 1171 ескерту берілді.
Электрондық шот-фактураларды талдау бағаларды негізсіз көтерудің нақты деректерін анықтауға мүмкіндік берді.
Бағаны заңсыз көтеру мысалдары
Комиссия анықтаған бірнеше айқын мысал:
- Батыс Қазақстан облысы — ЖК «Жұлдыз» «Илецкая» тұзын 55 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі 63,6%.
- Ұлытау облысы — ЖК Байкенжинова З.М. «Шедевр» күнбағыс майын (1 л) сатып алып, 1100 теңгеге сатқан. Сауда үстемесі 22,22%.
- Қостанай облысы — ЖК Кащенко И.Л. Пиязды 150 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі 50%.
Бұл деректер бойынша кәсіпкерлерге ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік шаралар қолданылды.
В Атырау -1