Атырау, 26 қараша 05:11
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шабыттандырған шара

2 125 просмотра

13 және 18 қыркүйек аралығында Астраханда«СелиАс-2013» V білім беру форумы өтті. Оған Ресейдің 21 өңірінен, сондай-ақ, Беларусь, Украина,Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран және Қазақстан елдерінен келген жастар қатысты.

Біздің елімізден әр сала бойынша көзге түскен 40 атыраулық жас қатысты. Жас көшбасшылар «Бизнес және инновация», «Шығармашылық», «Саясат пен халықаралық қатынастар» және «Экология» сияқты4 бағыт бойынша дөңгелек үстелдерге, акциялар мен пікірталастарға қатысты. Дәстүр бойынша жыл сайын «СелиАс» форумына тиімді жобаларға қаржы салуға дайын инвесторлар келеді. Биыл жастарға «Persona Lab» имидж-зертханалар желісінің негізін салушы және президенті Игорь Стоянов,  «Management Development Group Inc» компаниясының басқарушы директоры Дмитрий Потапенко, «I Franch Global Group» компаниясының басқарушы серіктесі Татьяна Михайлецкая және тағы басқа да бизнес «cеркелерімен» бетпе-бет  кездесудің сәті түсті. Форумның ойын-сауық бөлігі де өте қызықты өтті.

- Оқыту бағдарламалары мен пікірталастар танымдық жағынан өте пайдалы болды. Сонымен қатар жастар өзге елдердегі замандастарымен танысты, ал бұл байланыстар жұмыста да, жалпы өмірде де өте маңызды, - дейді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың бас маманы Рафхат БОЗБАЛИЕВ.

Басқа елдерден келген қатысу-шылар мен ұйымдастырушылар атыраулық делегацияның ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік символдарды көрсеткен «жоралғы тартуларын» ерекше атап өтті.

- Оларға біздің ұлттық киімдеріміз, шұбатымыз және біздің қатысушы қыздардың арнайылап пісірген бауырсақтары қатты ұнады, - дейді атыраулық делегация мүшелері.– Сондай-ақ, біз оларға «Қара жорғаны» билеуді үйреттік. Ал бізге ішіне жалбыз бен тағы бір дәмдеуіш өсімдік қосатын әзірбайжандық айран өте ұнады, дәмі тіл үйіреді.

Р. Бозбалиевтың пікірінше, Қазақстанда да осындай форматты шаралар өткізу керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.