Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы тіркеу жасай алмайды

300 рет қаралды

24 қарашадан бастап Қазақстанда азаматтарды тұратын жері бойынша тіркеу тәртібі өзгереді: енді тіркеу тек онлайн — eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімделеді, деп хабарлайды digitalbusiness.kz.

Осылайша, халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғылықты жер бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметін тоқтатады.

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

  • Азамат онлайн өтінім береді
  • ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы растайды
  • Өтінімнің статусын жеке кабинеттен бақылайды

Қызметті пайдалану үшін:

  • Жарамды ЭЦҚ немесе мобильді азамат мәртебесі
  • Жеке кабинетке тіркелген телефон нөмірі қажет

Мемлекеттік жалдамалы пәтерлерге шектеу

Жаңа жүйе мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйге тіркелу талаптарын күшейтті:

  • Енді тек жалдау шартында көрсетілген адамдар ғана тіркеле алады
  • Бұл тізімде жоқ азаматтардың өтінімі автоматты түрде қабылданбайды

Ерекше жағдайлар

Шектеу келесі жағдайларға қолданылмайды:

  • Тұрғын үйдің иесі немесе ортақ иесі — кәмелетке толмағандар
  • Азамат сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған.
18 қараша, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.