Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Астанада адамдарды құтқарған жас фельдшер қаза тапты

288 рет қаралды
фото instagram @astanovka98
Сурет: instagram @astanovka98

Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Ол 8 қарашада тұрғын үй кешеніндегі сыртқы қаптама мен кондиционер құрылғысы құлап, ауыр жарақат алған еді.

Бұл ақпаратты ZTB.news редакциясына қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Ұлдана оқиға болған күннен бастап өте ауыр жағдайда болды. Дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан, ол 18 қарашада көз жұмды.

Қайғылы оқиға қыз жұмысқа шыққан кезде болған. Ол таңғы 10:30 шамасында әріптестеріне көмектесу үшін шақыртуға барған. Жолдасы Әділет Зейнелдің айтуынша, Ұлдана екі адамды құтқарып үлгерген. Алайда ол зардап шеккен ер адамды көтерген кезде жоғарыдан кондиционер қондырғысы құлап, қыздың басына түскен.

Ұлдана Мырзуан бес жыл бойы фельдшер болып еңбек еткен. Жақындары жұмыс ауыр әрі қауіпті болғандықтан мамандықты ауыстыруды талай рет айтқан, бірақ ол сүйікті ісінен бас тартпайтынын айтқан. Бірнеше апта бұрын ғана Ұлдана шаңырақ көтерген еді.

18 қараша, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.