Атырау, 27 желтоқсан 02:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Есептегіштерге тариф енгізіледі

1 806 просмотра

«АЖЭО» АҚ басшылығы 2013 жылға инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.

8 айдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру және қамту қызметін көрсетуден түскен нақты табыс жылу энергиясын 326,145 мың Гкал жіберу көлемімен 1,7 млрд теңгені құрады.

2013 жылға қабылданған инвестициялық міндеттемелердің көлемі 4 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Соның ішінде электр энергиясы бойынша 3,4 млрд, жылу энергиясы бойынша – 687 млн. Бүгінде 2,2 млрд теңге игерілді, ең алдымен – жаңа қуаттылықтарды іске қосуға және қолданыстағы жабдықтарды қайта жарақтау мен жаңартуға жұмсалды.

«АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТІҢ (суретте) айтуынша, өз қорын сарқыған энергетикалық, электротехникалық сорғы жабдықтарының бір бөлігі жаңартылды. Жаңа қуаттылықтар биыл енгізілмейді, алайда жұмыстар жүргізілуде. Ол 2-3 жылға есептелген және қазір бастапқы кезеңде тұр. Инвестициялық бағдарлама тағы бір нәтижені берді – бұл тарифке де әсер ететін отынның үлестік шығынының азаюы. Дифференциалдық тарифті енгізу жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын (жылу есептегіштерді) орнатуға әжептәуір ықпал етті деп есептейді АЖЭО. Егер өткен жылы олармен облыс орталығындағы үйлердің 8 пайызы жарақталған болса, биыл 21 пайызға жеткен. Ал қомақты тарифтерден жапа шеккен кейбір ұсақ кәсіпкерлер мәселені басқаша шешіп, өздерінен жылу тұрбаларын кесіп тастауда.

Біз жылу қызметкерлерінен заң жобасына енгізілген түзетулерге қатысты олардың пікірін сұрадық. Сол заңға сәйкес монополистер жылу өлшегіштерді өз есептерінен орнатуға міндетті.

– Біз мұны қаламайтындай пікір қалыптасқан. Олай емес, - дейді М. Қалиев. – Қазіргі кезде бізді міндеттеген жоқ, біз аспаптарды тек бізге келіп, осы үшін ақысын төлесе ғана орнатамыз. Өйткені тарифтерге бұл қызмет енгізілмеген. Егер бізді осыны жасауға міндеттесе, демек тарифтер де осыған сәйкес болады. Тұтынушылар үшін айырмашылық жоқ деп ойлаймын - мұны біз жасаймыз немесе өздері жасап алады.

Оның айтуынша, 2009 жылға дейін жылу энергиясы бойынша тарифтер шығынды боп келді. Тек орташа мерзімді тарифке көшкеннен кейін ғана ол шығынсыз болды. Бұдан басқа, оған инвестициялық құрамдас бөліктер қосылды. Әрине, тұтынушыларды инвестициялық бағдарламаны орындағаннан кейін тариф төмендей ме деген сұрақ мазалайды.

– Инвестициялық тариф 2013-2015 жылдарға есептелген. Осы кезең аяқталғанда біз жаңа тарифке шығуға тиіспіз. 2015 жылы қандай жағдай болады, біз қазір айта алмаймыз. Қалай болғанда да, жаңа бағаларды негізге ала отырып, өз шығындарымызды ескеріп, инвестициялық құрамдастарды жабатын боламыз. Мейлі, қазіргідей көлемде болмай-ақ қойсын, өйткені жаңа қуаттылықтарды қолдау керек, - деді ол.

– Газ бағасын да ескеру керек, - деп атап өтті ТМРАД төрайымы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА. Ол егер келесі жылы АЖЭО шығындардың осы бабын өз тарифіне енгізсе, өз есебінен жылу өлшегіштер сатып алған тұтынушылардың шығындары қалай өтеледі деген сұраққа жауап берді:

- Қазіргі уақытта олар ПИК балансында, қалдық құны бойынша оларды қызмет көрсетушіге беретін болады. Әрине, жылу аспабы үшін төлегендер екі қайтара төлемеуі тиіс. Бұл мәселе де қазір талқыға салынуда, жағдайдан шығатын ұтымды жолы табылады деп ойлаймын.    

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.