
Бангладештің Халықаралық қылмыстар трибуналы елдің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасинаға «адамзатқа қарсы қылмыстар» бойынша өлім жазасын тағайындады, деп хабарлайды NDTV.
Сот оны өткен жылы студенттердің жаппай көтерілісін басуға бұйрық бергені үшін кінәлі деп тапты. Сол көтеріліс Хасинаның «Аваами лигасы» үкіметінің құлауына әкелген болатын.
Хасинамен бірге бұрынғы ішкі істер министрі Асадудзаман Хан Камал да сырттай сотталып, кінәлі деп танылды. Ал бұрынғы полиция басшысы Чоудхури Абдулла әл-Мамун айыбын мойындағаны үшін кешірім алды.
Соттың айтуынша, Хасина студенттерді «Разакарлар» деп қорлап, кейін оларды «жоюға» бұйрық берген. Айыптаушылардың мәліметінше, наразыларға шабуылдарды «Аваами лига» жастар ұйымдары жүзеге асырған. Сот Хасина полицияға дрондар, тікұшақтар және қару қолдануға нұсқау бергенін айтты.
78 жастағы Хасина 2024 жылдың тамызында елден қашып, қазір Үндістанда тұрып жатыр. Уақытша үкімет оның экстрадициясын талап етті, бірақ Үндістан әзірге жауап берген жоқ.
Үкім жарияланар алдында Бангладеште қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, әскер мен полиция Дакка көшелеріне шығарылды.
В Атырау -1