Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Оңтүстік Кореядан көлік жеткіземін деп уәде берген алаяқ сотталды

222 рет қаралды
 ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Қылмыскер шетелдік байланыстары бар екенін айтып, азаматтарға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлік жеткізуге уәде берген. Ол алдын ала толық төлем талап етіп, жәбірленушілерден 14,5 млн теңге алған.

Алайда ұсынылған көліктер жалға беру компанияларынан уақытша алынған болып шықты, ал ресми тіркеу кейінге қалдырылған.

Қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін алаяқ көліктерді жалға алу ақысын енгізіп отырған. Тергеу барысында оның 70-тен астам адамды алдап, жалпы 420 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.

Сотта прокурорлар күдіктінің бұл міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын дәлелдеді. Ол жалған келісімдер жасап, алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыскер өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттары жоқ тұлғалармен мәміле жасамауға кеңес береді.

18 қараша, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.