Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ЕО визасыз режимді тоқтатуды жеңілдететін жаңа ережелерді мақұлдады

212 рет қаралды

Еуропалық одақ Кеңесі үшінші елдермен визасыз режимді уақытша тоқтатуды жеңілдететін жаңа түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды АА.

Енді ЕО адам құқықтарының бұзылуы, халықаралық сот шешімдерінің орындалмауы немесе ЕО мүддесіне қарсы әрекеттер болған жағдайда визасыз режимді жылдамырақ тоқтата алады.

Жаңа ережеге сәйкес, визасыз режимді тоқтату мерзімі 9 айдан 12 айға ұзартылып, қажет болған жағдайда тағы 24 айға созылуы мүмкін. Мәселелер шешілмесе, визасыз режим толық күшін жоюы ықтимал.

Ереже инвестиция арқылы азаматтық беру бағдарламаларына да қатысты. Егер ел шынайы байланысы жоқ адамдарға азаматтық берсе, бұл да визасыз режимді тоқтатуға себеп болады.

Жаңартылған тәртіп ЕО-ның ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күннен соң күшіне енеді.

18 қараша, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.