Атырау, 25 желтоқсан 01:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Жол бойында сақ бол!

2 098 рет қаралды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы базасында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу онкүндігі аясында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Біздің облыстағы ахуал жайлы облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Болат ЕСНАЗАРОВ айтып өтті:  - Облыс бойынша 2012 жылы облыстық балалар ауруханасына жол-көлік оқиғалары салдарынан 350 бала түсіп, оның 66-сы ауруханаға жатқызылған, ал 2013 жылдың 8 айындағы көрсеткішке сүйенсек, 301 бала дәрігерлерге жүгініп, оның да 66-сы емді ауруханада алған. Көбіне балалар бізге қосарланған жарақат, бас-ми зақымдалуы және қаңқаның зақымымен келеді, - дейді дәрігер.

Атырау облысы жол полициясы басқармасының штаб басшысы Арман МЕҢДАЛИЕВТІҢ мәліметі бойынша, биылғы жылдың 8 айында 322 ЖКО тіркеліп, 74 адам қаза тауып, 404-і түрлі дәрежедегі жарақат алған. Соның ішінде балалардың қатысуымен 92 ЖКО орын алса, 8 бала қаза тауып, 98-і дене жарақатын алған. Сондай-ақ, А.Меңдалиев қала көшелерінде, мектеп пен балабақша маңына 1000 қума метр қозғалысты тежейтін жасанды кедергілер  орнатылатынын (Әлиев көшесіне бұл белгілер орнатыла бастады) айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.