
Қайғылы жағдай «Чапай – Жаңақала – Сайқын» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында болған. Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысып, соның бірі өртеніп кеткен.
Апат салдарынан сегіз жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Төрт адам Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізіліп, қазір жағдайлары орташа ауыр деп бағалануда. Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізушінің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.
Полицияның мәліметінше, апат кезінде ауа райы қолайлы болып, жолдың көріну деңгейі мен жабындысы қалыпты жағдайда болған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары басталды.
В Атырау -2