Атырау, 22 қараша 20:58
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Псай кейпіндегі тағы бір бейнебаян (бейнежазба)

5 241 просмотра

Атыраулық пародияшы Қадырбек НАЗИРОВ оңтүстік кореялық орындаушы PSY репертуары ізімен екінші «Gentleman» бейнебаянын түсірді. Бейнебаян әйгілі болу жағынан алғашқысынан да кем түспеді және бұл жолы оған қала әртістері мен Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры актерлері қатысты.

Әжетханада тықыр басын қырып отырған жігіт ағасы – белгілі саксофоншы Рафаэль, ал шашбауын көтеріп жүрген мұрттыларды драма театрдың жетекші актерлері Қайыржан МАХМУДОВ, Бекет ЗИНУЛЛИН және Елтай ЖАМАНОВ ойнады. 

- Бейнебаянды түсіруге барлығы қанша адам қатысты?

-  Жалпы саны – 28. Алғашқы бейнебаян шыққанда Атырауда билей алатын икемді қыздар жоқ па деп кейістік білдіргендер болды. Мен мұны ескердім. Тіпті, әдемі қозғала білетін кәріс ұлтының қыздарын іздедім.

Мен жаңа бейнебаянның әр сәтін мұқият ойластырдым. Әуесқойлық нұсқаға көңілім толмай, бейнебаян түпнұсқадан кәсіби тұрғыдан еш кемшін қалмауын қаладым. Досым Нұрсұлтан БАЗАРБАЙ өз көмек қолын созып, біз барлық іс-қимылдарды түсіруде ең үздік «Canon 5D Mark 3»бейне камерасын қолдандық. Бейнебаянды жаз бойы «Renaissance», «Marriott», «Armada» мейрамханаларында, қала дүкендерінің бірінде, орталық жүзу бассейнінде және «Мұнайшы» стадионында түсірдік.

- Түсірілімдер кезінде қала халқы сіздерді қалай қабылдады?

- Әр кезде әр түрлі (күліп). Бейнебаянның ең басында қаланы аралап шығуымыз керек болған эпизодта проблемалар туындады: адамдар көп жиналып, ұялы телефондарына түсіріп, сол жерде интернетке салып жатты. Барлығына «бұл сіздерге арналған тосынсый, дайын болғанда, міндетті түрде көрсетеміз» деп түсіндіруге тура келді... Барша адамдарды әдемі, ерекше бейнебаянмен таңғалдырғымыз, біз де кәрістерден кем емес жақсы нәр-селер жасай алатындығымызды көрсеткіміз келеді. Сондықтан да кейбір сәттерді халық ұйықтап жататын таңғы алты-жетілерде түсіруге тура келді.

- Барлығын дұрыс жасау үшін бейнебаян түпнұсқасын қаншалықты ұзақ зерделеу керек? Неге дәл осы әншіге пародия жасайсыз?

-  Псай болу - оңай. Өзіңді жай ғана осы адам сияқты сезінсең болды. Мен үнемі оның бейне блогтарын, шоулары мен билерін қарап жүремін... Әр эпизодты түсірерде мен айна алдында оның қозғалысын, бет бейнесін қайталап, машықтанамын.

Жалпы, дұрысы «ссай» деп оқылады, бұл сөз қояншық, есі кем деген мағына береді. Алайда барлығы оны Псай деп атауды қалайды. Жеке маған оның барлық батыс әншілеріне ұқсамайтын ерекшелігі ұнайды.

Анастасия ПАСТУХОВА 

Суреттер Қадырбек Назировтың мұрағатынан алынды

 

26 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.