Атырау, 8 желтоқсан 06:17
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ақмолада сотталғандар мен психикалық ауытқуы бар жандар қамқоршы ретінде тағайындалған

175 рет қаралды

Ақмола облысы прокуратурасының талдау нәтижесінде уәкілетті органдар тарапынан заңға қайшы келетін бірнеше дерек анықталды.

Атап айтқанда, адам өлтіру және басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлғалар әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршы ретінде бекітілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршы немесе қорғаншы ретінде психикалық ауруы бар немесе бұрын сотталған азаматтар тағайындалмауы тиіс. Алайда, екі бірдей әрекетке қабілетсіз азаматқа кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болғаны белгілі болды. Тағы бір жағдайда «шизофрения» диагнозы қойылған азамат қамқоршы ретінде тіркелген.

Сонымен қатар, уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару бойынша тиісті шараларды қабылдамаған. Нәтижесінде, облыста қайтыс болған 28 азамат әлі де «әрекетке қабілетсіз» ретінде тіркеуде тұрған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде заңға қайшы тағайындалған қамқоршылар қызметінен шеттетіліп, деректер заңнамаға сәйкестендірілді. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасы осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

17 қараша, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.