Атырау, 8 желтоқсан 10:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қырғызстанда жігіттің тілін тістеп алған​ қыз өзін зорлықтан қорғамақ болған

248 рет қаралды

MediaHub журналисі Эльвира Султанмуратпен сұхбатында бойжеткен өзін таныс жігіттің зорлық әрекеттерінен қорғауға тырысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вести.kg

Олар тойдан қайтып келе жатқанда, қыздың айтуынша, жігіт оны көліктен шығармай, қорқытып, зорламақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, айқайлап, итергенімен, жігіт тоқтамаған. Ол жігіт сүймек болған сәтінде ашуға мініп, оны тістеп алғанын айтты.

«Мен оны тек таныс ретінде білетінмін. Қазір мен туралы айтылып жатқан сөздерден кейін қалада еркін жүре алмаймын. Мен кінәлі емеспін», — деді бойжеткен.

8 қарашада Манас ауруханасына тіл мен ерін жарақатымен 26 жастағы жігіт жеткізілген. Ол жарақатты «сүйісу кезінде» алғанын айтқан. Кейін ол шағым түсіруден бас тартты. Милиция екі тараптың бір-біріне наразылығы жоқ екенін хабарлады, бірақ тексеру жалғасуда.

17 қараша, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.